top of page

Киелі орындары

buiratau_proselok.jpg
slider2.jpg

Осакаров ауданы аумағында Байдалы би кесенесі мен Жансары би қорымы және бұлағы орналасқан.

Байдалы би кесенесі

Жансары  би кесенесі

                                                                               САБЫР ҚОЖА мазары 

Николаев ауылдық  округінде қабырғалары мүжілген, ескі мазар тұр. Жергілікті жұрт мұнда Сабыр қожа жерленген деп қастерлейді. Шындығында «Материалах по киргизскому  землепользованию. Акмолинская об-ласть. Акмолинский уезд. Т.3.-1907г.»  атты Ф.А.Щербиннің зерттеу жазбасында Сабыр қожаның есімі келтірілген. Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты романында да Сабыр қожа  туралы айтылған.  Сабыр қожаға сүйіспеншілік ретінде «Союз Алем kz» ЖШС басшылары  мазарды қоршап, белгітас орнатты. Киелі атаның есіміне байланысты тек  өзен ғана емес, КСРО кезінде көкөніс  өсіретін бөлімше болғандығын мақтан тұтады туыстары.

                                                                                Бұйратау

Орталық Қазақстан үстірті бірегей дала экожүйелерін сақтау мақсатында 2011 жылдың 11 наурыз Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 247 Қаулысымен «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи бағы құрылды.

Қазақстан ұлттық бақтарының қатарына он екінші ұлттық бағы болып, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Орман және аң шаруашылығы комитеті «Жасыл Даму 2011-2014» бағдарламасы ауқымында БҰҰДБ/ГЭҚ «Далалық экожүйелерді сақтау мен орнықты басқару» Жобасының қолдауымен құрылды.

Жаңа құрылған «Бұйратау» ұлттық бағы шамалы құрғақ пен құрғақ жерлер суб-зоналар арасында ауыспалы белдікте орналасқан және бұл аумақтың қайталанбас мәні далалы жерлер мен орманды жерлердің (қайың, қыршаңқы) үйлесіп келуінде. «Бұйратау» бағы Ақмола облысы Ерейментау ауданы (60814 га) мен Қарағанды облысы Осакаров ауданы (28154 га) аумағында орналасқан. Оның жалпы ауданы 88 968 га.

«Бұйратау» ұлттық бағының флористикалық құрамында 450 түрден астам жоғарғы тамыр өсiмдiктерi бар. Мұнда ботаникалық географиялық тұрғыдан маңызы бар Орталық Қазақстан Үстіртінің ерекше флорасының бестен бір бөлігі сақталады. Флораның құрамында қандыағашқырыққұлаққалампыршөпкөктем жанаргүлі, жаушымылдық, жабысқақ мысықот, Геснер қызғалдағы сияқты сирек кездесетін және ареалы шектеліп жатқан 30-н астам түрлер кіреді.

Бақтың фаунасына 5 топ және 15 тұқымдастарға жататын сүтқоректілердің 45 түрі кіреді, бұл Қазақстан таксондары санының сәйкесiнше 71 % және 39 %-н құрайды. Бақтың аумағында Қазақстанның таулы өлкелерін мекен ететін басқа популяциялардан жекеленген және саны 200-ге жететін арқардың Ерейментаулық популяциясы мекен етеді. Сонымен қатар соңғы жылдары саны 100-ге жететін маралдың акклиматизациясы жөнінде жұмыс ойдағыдай жүргізіліп жатқандығын атап өту керек.

Ұлттық бақтың орнитофаунасы құрамына құстардың 227 түрі кіреді (барлық орнитофаунаның 46 %-ы, олардың iшiнде 127 ұялайтын құстар қатарына жатады. Орнитологиялық кешендер қатарынан далалы, бұталы, петрофилді, орманды, шабындық және сулы-батпақты кешендер басым. Бақтың аумағында Қазақстанның Қызыл кiтабына енген жалбағайсұңқылдақ аққуақбас үйрек, кәдімгі тұрпан, дала қыраны, тазтырна, дуадақбезгелдектарғақүкі сияқты ұялайтын құстардың 13 түрі кездеседі. Сондай-ақ Қызыл кітапқа енген шыбын-шiркейдiң 17 түрі бар.

  

bottom of page