top of page

Археология

Осакаров ауданының археологиялық ескерткіштерін зерттеу 1946 ж. Әлкей Марғұланның басшылығымен құрылған Орталық Қазақстанның археологиялық экспедициясымен басталды. 1959 ж Шідерті өзенінің сол жағалауынан М.К.Қадырбаев пен А.М. Оразбаевтың қатысуымен, ерте темір ғасырының уақытына тап келетін қорымдар табылды. 

1960 ж. М.Н. Клапчук  Батпақ а. Солтүстік бөлігінен тас және қола дәуіріне жататын 10-нан астам ескерткіштерді ашты және зерттеді.  

 1977 - 1981 жылдары Қарағанды облысында археологиялық зерттеулерге В.В. Евдокимованың басқаруымен Қарағанды мемлекеттік университеті қатысты.

 1978 ж. бастап Қарағанды археологиялық экспедициясы Осакаров ауданы аумағында мәдениет қалдықтарын анықтауда үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедиция барысында әртүрлі дәуірлерге қатысты көптеген археологиялық ескерткіштер табылды. Олар Есіл өзені бассейні, Қарағайлы, Тоқсұмақ көлдерін зерттеді. Зерттеу нәтижесінде аудан аумағында палеолит дәуірі мен соңғы ортағасырларға қатысты 53 археологиялық ескерткіштер табылды.

 1987 жылы В.С. Волошин Батпақ 17, Батпақ 18 археологиялық ескерткіштерін ашып зерттеді.

2005-2009  жылдары ауданда археологиялық зерттеу жұмыстарын В.Г.Ломан мен И.А. Кукушкинаның басқаруымен Қар ГУ отряды жалғастырды.

Олардың ішінде ең белгілісі Батпақ палеолит кешені. Тас ғасыры нысанының  хронологиялық маңыздылығы мен жоғары концентрациясына сүйене отырып, Батпақ кешеніне ерекше мәртебе беру қажет, республикалық маңыздағы мәдени ескерткіштер тізіміне енгізуге мүмкіндік бар. Қорым  тас жағалауды құрайтын 6 қорғаннан тұрады.

Біздің тарихымызда темір дәуірі екі кезеңге бөлінеді: ерте темір дәуірі б.ғ.д. VIII кезеңді қамтиды.  Қола дәуірі б.ғ.д. 2800–900 жылдарды қамтиды. Дәл осы уақытта адамдар металдан еңбек құралдары мен өнімдерін жасауды үйренді. Қоланы пайдалану (қалайы және мыс қорытпасы) өндірістің жақсаруына және шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді. Ортағасырда Қазақстан аумағында түрік патшалығы үстемдік құрды. Осы кезеңде Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз және Қимақ қағанаттары, Қыпшақ хандығы мен Қарахандар мемлекеті пайда болды. Шыңғысханның жаулап алуынан кейін Қазақстан аумағы Монғол империясының құрамына енді. Мұнда Алтын Орда, Ақ Орда жзәне Моғолстан мемлекеттері құрылып, дами бастады.  Мұның бәрі  XIV-XVII ғғ. қазақ халқының қалыптасуымен және алғашқы Қазақ хандығының пайда болуына әкеп соқты. Орталық Азияның кең даласында пайда болған қазақ хандығы, Қазақстан деген атаумен тарих сахнасында өз тарихын бастады.   XVIII ғасырда Қазақстан аумақтары Ресей империясының құрамына енген жаңа тарихи кезең басталды.

Осыдан келіп Осакаров ауданы аумағына алғашқы қоныстану шамамен 150/120 мың жыл бұрын болған деп есептеледі. Қола дәуірінің 5 елді-мекендері табылды. Аудан аумағынан табылған көптеген қорымдар мен қорғандар мұнда белсенді әлеуметтік өмір болғанынан хабар береді.  

Ауданда жеті бірдей құрылым мен бір «патша» әулетіне тән қорым табылды. Үш қорған Қарғалы өзені бассейнінен, екеуі –Есілден, біреуі – Қаракөл солтүстік жағалауынан табылды. Жалғыз «патшалық» қорған шығыстан батысқа созылған өзіндік біркелкі емес тізбек құраған.   Қорған тобы Ақдің саяжай аумағынан табылды.

Осы кезеңдегі кәдімгі қорғандардың негізгі бөлігі тастан тұрғызылған және 5 нысанға дейінгі біртұтас және топтармен ұсынылған.

Максималды диаметрі 20 м құраса, биіктігі 2 м. Қорғандар аласа төбелердің басында және етегінде орналасқан.

 Археологиялық алаңдардың аумағы оңтүстіктен шығысқа қарай созылады.

 Бүкіл кезең бойына материалдық мәдениеттен барлығы 179 ескерткіш анықталды, оның ішінде 5-і тас ғасырына, 18- қола дәуіріне, 64- ерте темір дәуіріне және 91- ортағасырға тиесілі.

 

Бұл жерде И.А.Кукушкина, Т.С.Толеуова,А.И. Кукушкинаның материалдық зерттеулері пайдаланылды. Осакаров ауданының археологиялық картасы

Құңдызды а/о

Садовый а/о

Сұңқар а,о

Николаевка а/о

Озерный а/о

Батпақ а/о 

Есиль а/о

Пионерский а/о

Сарыөзеқ а/о

Қарағайлы а/о

Тельман а/о

Ақбулак а/о

Жансары  а/о

Родниковский а/о

Шидерты а/о

bottom of page