Осакаров ауданының
киелі орындары
Қарағанды облысы Осакаров ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесі жобасы
Озерный ауылдық округі
Бабай
Озерное
Округ аумағында тергеу жұмыстары 1981 жылы А.Ю.Чиндиннің басшылығымен ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау отрядынан басталды. 2007 жылы жұмысты И.А.Кукушкиннің жетекшілігімен ҚарМУ жанындағы САИ барлау отряды қайта жалғастырды.
Аудан аумағында қола дәуірі мен ерте темір дәуіріне жататын 3 материалдық мәдениеттің ескерткіштері табылды. Қола дәуірінің ежелгі қонысы да осы жерден табылды.
1.ОЗЕРНОЕ, археологиялық тұрақ (қола дәуірі). Есіл өзенінің құлама жарлы оң жағалауында, Есіл кентінен (Литвинский) батысқа қарай 11 км, Озерное селосынан солтүстік шығысқа қарай 5 км, Осакаров кентінен солтүстікке қарай 15 км. Тұрақтың тұрғын алаңы 160х40 м, Есіл өзенінің оң жағалауындағы оң жақ түбірлі террассаның бойында орналасқан, тұрғын орлар тіркелген жоқ. Бұл арадан қола дәуірінің керамикасы мен таскелсапты 1981 жылы ҚарМУ-дің А.Ю.Чиндин басшылық еткен археологиялық барлау экспедициясы тапқан.
2. Қорған Бабай (ерте темір ғасыры)
Есіл (Литвинский) ауылынан батысқа қарай 11 км жерде орналасқан. Озерное ауылынан солтүстік-шығыста 6 км жерде. Осакаровка ауылынан солтүстікке қарай 16 км жерде, Есіл өзенінен солтүстікке қарай 0,5 км жерде, төбенің басында. 2007 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы САИ барлау отряды ашты.
3. Бабай қорымы (ерте темір ғасыры)
Есіл (Литвинский) ауылынан батысқа қарай 11 км жерде, үстемдік ететін төбенің басында орналасқан. Озерное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6,3 км.
Осакаровка ауылынан солтүстікке қарай 16 км , Есіл өзенінен солтүстікке қарай 1 км.
1981 жылы А.Ю.Чиндиннің жетекшілігімен ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашты.
Дереккөз:
Кукушкин И.А. Археологическая карта Осакаровского района[Текст] / И.А.Кукушкин, Т.С.Толеуов,А.И. Кукушкин.-Караганда,2013.-137с.