top of page

Николаевка ауылдық округі

image (14).jpg

Сабырқожа бейіті

николаевка.jpg

 Николаевка қорымы

Округ аумағында тергеулерді 2009 жылы И.А.Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы САИ барлау отряды бастады.

Аудан аумағында қола дәуіріне, ерте темір дәуіріне және орта ғасырларға жататын 3 материалдық мәдениеттің ескерткіштері табылды.

  САБЫР ҚОЖА. Николаев ауылдық  округінде қабырғалары мүжілген, ескі мазар тұр. Жергілікті жұрт мұнда Сабыр қожа жерленген деп қастерлейді. Шындығында «Материалах по киргизскому  землепользованию. Акмолинская область. Акмолинский уезд. Т.3.-1907г.»  атты Ф.А.Щербиннің зерттеу жазбасында Сабыр қожаның есімі келтірілген. Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты романында да Сабыр қожа  туралы айтылған.  Сабыр қожаға сүйіспеншілік ретінде «Союз Алем kz» ЖШС басшылары  мазарды қоршап, белгітас орнатты. Киелі атаның есіміне байланысты тек  өзен ғана емес, КСРО кезінде көкөніс  өсіретін бөлімше болғандығын мақтан тұтады туыстары.

1. Сабырқожа қорымы (ерте темір ғасыры)

Сабырқожа қорымы Садовое ауылынан шығысқа қарай 19 км жерде, салыстырмалы түрде тегіс жерде орналасқан. Николаевка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6,8 км жерде Топан ауылынан оңтүстікке қарай 8,4 км жерде. Бөгеттен оңтүстік-шығысқа қарай 0,8 км жерде. Қорым «мұртты» кешенінен және 2 қорғаннан тұрады.

Оны 2009 жылы И.А.Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы  барлау отряды ашты.

2. Николаевка қорымы (ерте темір ғасыры)

Николаевка қорымы төбенің басында Николаевка ауылынан оңтүстікке қарай 4 км жерде, Роднички ауылынан  солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Қорым 3 қорған мен 2 тас құрылымнан тұрады.

Оны 2009 жылы И.А.Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы  барлау отряды ашты.

3. Сабырлыөзек қорымы (ерте темір ғасыры)

Сабырлыөзек қорымы төбенің басында, Николаевка ауылынан оңтүстікке қарай 6 км жерде, Роднички ауылынан батысқа қарай, солтүстік-батыста 6 км жерде орналасқан. Арықтыкөл көлінен 15 км солтүстік-батыста.  Қорым 3 қорған мен 2 тас құрылымнан тұрады.

Оны 2009 жылы И.А.Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы  барлау отряды ашты.

Дереккөз :

Кукушкин И.А. Археологическая карта Осакаровского района[Текст] / И.А.Кукушкин, Т.С.Толеуов,А.И. Кукушкин.-Караганда,2013.-137с.

bottom of page