top of page

Байдалы би кесенесі

VrWTbEJE0ixlul1AFhqXZNMGtI1OqJGf.jpeg

                                                                                       

Байдалы би Бекешұлының кесенесі Қарағанды-Павлодар бағытындағы жолдың бойында Шідерті өзенінің арналы тұсындамен мұндалап тұр. Маңайын диаметрі үш шақырым, тереңдігі жеті метр жасанды су қоймасы қор шапжатыр. Қысқаша анықтамасы:1456-шы  жылы  Алтын  Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жəнібек Шу    мен    Талас    өзендерінің арасындағы  аймаққа  орналасып,қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағандарухы   көтеріліп,   намысы   оянғанбарлық қазақ тайпалары түгел жиналып,   Қазақ   хандығының   іргесін қалаған.  Əлбетте,  одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салдыбізді.Содан түрлі нəубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақа қыры азаттығыналды.  Ал,Қазақ хандығының  550  жылдығына тап өту  –  солазаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет болса керекті.Керей,     Жəнібек,     Абылай бабалардың  ізін  жалғаған  асыл дарарқа  өңірінде  қаншама. Жасынан билер,  бектер,  хандар  төңірегінде көбірек жүріп, солардың аталы, баталы билік сөздерінен өнеге алған.Кейін атақты Абылай хан (1711-1781)қасындағы сегіз бидің ең беделді, басбиі  болады.  Небір  шиеленіскен  елдауы,  жер дауы,  жесір дауы Байдалы    би  алдынан  шешімін  тауыпотырған.  Абылай  хан  оның  асқаншешен  ақылды  кеңесіне  дəн  ризаболып "сегіз биім, сегіз бидің ішіндесеміз биім" деп атағанда оның денебітіміне емес, ақыл-парасатына, ше-шендік  тапқырлығына  қарап  айтсакерек.Байдалы  Бекшеұлы  (1725-1820)    Қазіргі  Қарағанды  облысы Жаңарқа ауданының Атасу өзенініңбас  жағындағы  Айдаһарлы  таудыңбөктеріндегі   Жалпаққора   дегенқыстақта дүниеге келген.Байдалы би Абылай мен Уəлихантұсында  өмір  сүрген.  Жастайынан ауыл арасында билік айтып, ел ісіне араласқан. Орта жүзге билік айтып,хандар  саясатына  бағдар  беріп отырған биден «Алыс не, жақын не?»деп сұрағанда: «Жақын - ажал, алыс- білімді мен білімсіздің арасы» дегенжауап,  «Ағайынға  қадірім  жоқ  -  бетімді  көреді,  əйеліме  қадірім  жоқ  -етімді көреді», «Панасы жоқ тауданбез,  пайдасы  жоқ  байдан  без»,«Ақсақалға  жарасар  аузындағы  тобасы, бəйбішеге жарасар піспегі менсабасы» деген нақыл сөздер қалған.Байдалы  биден  қалған  нақыл сөздері   мен   толғаулары   əртүлі жинақтарда:  1927-1928  жылдары Қазан     баспасынан     шыққан Сулыжəдит, Унслхадит деген кітапта«Бұл заманда не ғарып, ақ қалалы боз ғарып, қадірін біліп ұқпаса, дүрлігауһар  сөз  ғарып»  деп  басталатынтолғауы,  басқа  да  нақыл  сөздерібасылған.   «Ел   аузынан»,   «Сөзтапқанға  қолқа  жоқ»,  «Шешендіксөздер», «Қазақтың 100 би-шешені»,тағы    басқа    жинақтарда,    С.Сейфуллиннің  шығармалары  мен Қазақ  Совет  энциклопедиясында жарық көрген. Жазушы Мағзұм Тиесов  «Байдалы  би»  деген  кітап жазған.Асан  Жұмадилдиннің  1999жылы  «Байдалы  би»  деген  деректіхикаясы  кітап  болып  шыққан. Байдалы  биден  Сабдалы,  Дербісал,Байғара  (шешелері  -  Қасқарау),Балтақара,  Баби,  Майкөз,  Қосдəуір(шешелері - Манқан) атты ұрпақтартараған.Байдалы   би   Қарағандыоблысының Осакаров ауданында, Шідерті  өзенінің  жағасында  биік  төбебасында жерленген. Ертіс-Қарағандыканалы  салынған  соң  ол  тұсты  субасып  тек  Байдалы  бидің  моласытұрған  төбе  ғана  суға  батпай  аралболып қалған екен.2004  жылы  Қарағанды  облыстықмəслихаты ХVІІ сессиясының шешімімен Жаңаарқа ауданындағы бұрынғы «Дружба»  ауылдық  округі  Байдалы би    ауылдық    округы    болып өзгертілген.  Аудан  орталығы  Атасу поселкесінде көше аты Байдалы би есімімен аталады.

                                                                                              Әдебиет

Аршабеков, Т. Сарыарқа қазақтары [Мәтін] : [ғылыми басылым] / Т. Т. Аршабеков, Ж. А. Жұмабеков ; Қарағанды облыстық Мәдениет департаменті, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті, Аймақтық ғылыми-зерттеу институты. - Қарағанды : Гласир, 2007. - 290 с.

Жұмаділдин, А.  Байдалы би [Мәтін] / А. Жұмаділдин. - Алматы : Кенже Пресс, 1999. - 116 с.

Қазақ би-шешендері [Текст] : [танымдық жинақ] / құраст. С. Қорабай. - Алматы : Айғаным, 2016. - 201 с. - (Ұлы даланың дара тұлғалары).

Каренов,Р. Арғын Байдалы би Бекшеұлы [Мәтін] :275 жылдығына арналады//Орталық Қазақстан.-2002.-7 тамыз(№125-126).-10 Б.

Каспаков, А. Байдалы би [Текст] / А. Каспаков //   Сельский труженик. - Осакаровка,2014. - 27 сент.(№ 39).

Мавзолей Байдалы би - история в веках [Текст] : культурное наследие // Индустриальная Караганда. - 2014. - 20 сент. (№ 166/167). - С. 2

 Максимова, С. Байдалы би [Текст] / С. Максимова //  Сельский труженик. - Осакаровка,2015. - 14 авг.(№

 33).-С.3

   

bottom of page