Осакаров ауданының
киелі орындары
Қарағанды облысы Осакаров ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесі жобасы
Жансары би бұлағы
Осакаров ауданы Аманқоңыр ауылы Жансары ауылдық округінде орналасқан.
Жансары би - атақты Бөгенбай батырдың тікелей ұрпағы. Баянауыл округінің атақты билерінің бірі болған.
Қаржас руынан шыққан Бөгенбай ұлы Жансары би әулие –көріпкер адам болған. Дүниеге келген және дүние салған жылдарынан деректер жоқ, бірақ қайтыс болған уақыты 1841 жыл деп көрсетіледі
Жансары баба қайтыс болар кезінде мәйітін қай жерге қоятынын айтып: «Менің жеті күндігімді бергенде жер томпаяды, ал қырық күндігімді бергенде , атым сүрінген жерден күн батысқа қарай бұлақ ағады» деген екен. Ол кісінің айтқаны дәл келді. Жансары бабамыздың зираты ауылдың ортаңғы жағында орналасқан. Зиратының шығысынан бұлақтың көзі ашылған. Сол кезден бастап қазіргі уақытқа дейін сол бұлақ – ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етіп келеді. Бұлақтың қасиеттілігі сондай қаншама ауруларға ем болып, бала көтермеген әйелдерге нәресте сыйлаған.
Әдебиеті:
Аршабеков, Т. Сарыарқа қазақтары [Текст] : [ғылыми басылым] / Т. Т. Аршабеков, Ж. А. Жұмабеков ; Қарағанды облыстық Мәдениет департаменті, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті, Аймақтық ғылыми-зерттеу институты. - Қарағанды : Гласир, 2007. - 290 с.
Смаханұлы, С. Жансары бұлағы баурайында [Мәтін] : Дальний ауылдық округіне-70 жыл / С. Смаханұлы //Сельский труженик. - Осакаровка,2014. - 16 авг.(№ 33).